Өскемен мен Семейде және Аягөз ауданында карантин күшейтіледі
Аягөз ауданында 2 санитарлық бекет орнатылады
Коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес Өскемен қаласы, Семей қаласы және Аягөз ауданы қызыл» аймаққа енді.
Осыған орай, Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, атап айтқанда Өскемен мен Семей қалалары және Аягөз ауданында 23 сәуірден бастап 03 мамырын қоса алғанға дейін қатаң шектеу шаралары енгізілді.
Аягөз ауданында 2 санитарлық бекет орнатылады.
Өскемен мен Семей қалалары және Аягөз ауданында объектілердің қызметі «қызыл» аймаққа қатысты шарттар бойынша жүзеге асырылады.
Ғимарат сыртындағы азық-түлік базарлары мен шаруашылық заттарын сататын базарлары сенбі күні сағат 17:00-ге дейін жұмыс істейді, жексенбі күні жұмыс істемейді. Ғимараттардың ішіндегі азық-түлік базарлары мен шаруашылық заттар базарлары сенбі және жексенбі күндері жұмыс істемейді. Азық-түлік емес тауарларды сататын сауда объектілері (супермаркеттер, гипермаркеттер, сауда үйлері, сауда желілері, СОО) жұмыс күндері сағат 21.00-ге дейін жұмыс істейді, сенбі және жексенбі күні жұмыс істемейді.
Қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайлардағы) сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Мектепке дейінгі балалар мекемелерінде/ұйымдарында 15 адамнан аспайтын топтарды жинақтау сақталған кезде кезекші топтардың болуына рұқсат берілген.
Көрермендердің қатысуымен өтетін бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.