ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 2549 адамнан коронавирус анықталды

65,9 мың теңге: жалақысы ең төмен өңірлер аталды

Былтыр жан басына шаққандағы номиналды табыс 125,4 мың теңгені құраған

Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

2020 жылы төртінші тоқсанда орта есеппен жан басына шаққандағы номиналды табыс 125,4 мың теңгені құраған. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,9%-ке көп. Бұл туралы ranking.kz хабарлайды. 

Өңірлер арасында орта есеппен жан басына шаққандағы номиналды табыс былтыр төртінші тоқсанда Түркістан облысында 65,9 мың теңге болса, Атырау облысында 230,2 мың теңгеге дейін көрсеткен. Дегенмен, Атырау облысында халықтың кірісі нақты мәнде 2%-ға төмендеген, ал Түркістан облысында, керісінше, 7,4%-ға артты.

Жалпы, Қазақстан бойынша жан басына шаққандағы ең төменгі номиналды ақшалай табыс Түркістан облысында (65,9 мың теңге), Шымкент қаласында (79,1 мың теңге), Жамбыл облысы (86,5 мың теңге), Алматы облысы (90,7 мың теңге) және Қызылорда облысы (91,2 мың теңге) тіркеліп отыр.

Ал жан басына шаққандағы ең жоғары номиналды табыс Атырау облысында, Нұр-Сұлтан (192,9 мың теңге) мен Алматы (185 мың теңге) қалаларында тіркелді.