Нұр-Сұлтанда 23 мыңға жуық адам коронавирус вакцинасын салдырды
Бірінші кезекте вацинациядан медицина қызметкерлері мен педагогтер өтіп жатыр
Елордада коронавирус өршіп, күнінен қауіпті инфекция жұқтырған 430 адам тіркеліп жатыр. Бұл көртсеткіш өткен жылмен салыстырғанда өте көп. 21 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Төсек сыйымдылығы - 1889, 985 науқас ем алып жатыр. 22 500-ден астам адам коронавирусқа қарсы вакцина алды. Ол медицина қызметкерлері, педагогтер, дипломатиялық қызметкерлер», - деді Тимур Мұратов.
Ал, Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаевтың мәліметінше, Алматыда күн сайын 700-ден аса жағдай анықталуда.
«Жұқпалы аурулар ауруханасында 1100 науқас жатыр. Алматыда бүгінде екі миллионнан астам тұрғын бар. Жоспар бойынша кемі бір миллион адам екпе алуы тиіс. Қазір медицина қызметкерлері, педагогтер мен құқық қорғау саласының мамандары екпе алып жатыр», - деді маман.
Айжан Қалиева, Алматы