$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.12.2019, 10:28
Қоғам

Қазақстанда ұшақ билеттері арзандады

Қазақстанда ішкі маршруттар бойынша авиабилеттердің орташа бағасы 12 пайызға арзандады

Қазақстанда ұшақ билеттері арзандады
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда ішкі маршруттар бойынша авиабилеттердің орташа бағасы 12 пайызға арзандады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының әуе тасымалы бойынша бағаларды төмендетуге қатысты тапсырмасын орындау мақсатында отандық авиакомпаниялар ішкі маршруттар бойынша ұшақ билетінің бағасын орташа 12%-ға арзандатып отыр.

 

Қазақстанда алғашқы бюджеттік авиакомпанияның іске қосылуы ішкі нарықта бәсекелестікті арттырып, авиабилеттердің тарифтерін арзандатуға септігін тигізді.

Мысалы,  «Fly Arystan» компаниясы жұмыс істей бастаған кезден бері қазақстандық әуежайларда  жолаушылардың легі айтарлықтай арта түскен: Нұр-Сұлтан қаласында– 48%, Алматы – 45%, Семей – 103%, Тараз – 734%, Павлодар – 117%, Карағанды – 90%, Шымкент – 57%, Оралда – 54%.

Ұшақ билеттерінің бағалары Министрліктің тұрақты бақылауына алынып отыр.

Серіктес жаңалықтары