Әскери полиция бөлімінің басшысы пара алып жатқан сәтте ұсталды (ВИДЕО)
Ол өзге азаматты Алматы аймақтық гарнизоны әскери полициясына жұмысқа орналастыру үшін 1 млн теңге көлемде пара алған
Алматы аймақтық гарнизонының әскери полиция бөлімінің бастығы пара алды, деген күдікке ілінді деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.
Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп күдіктелген Алматы аймақтық гарнизоны әскери полиция отрядының жедел әрекет ету бөлімінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Ол азаматты Алматы аймақтық гарнизоны әскери полициясына жұмысқа орналастыру және оған әрі қарай жалпы қамқорлық жасау үшін 1 млн теңге көлемде пара алды деген күдікке ілінді», - делінген хабарламада.
Күдіктінің өз кінәсін мойындауына және күдікті мен оның қорғаушысының сотқа дейінгі жеделдетілген тергеу туралы өтініш хатына байланысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ.