ШұғылЕлімізде тағы 7778 адамнан коронавирус анықталды

Мысыр мен БАӘ-ден келген 8 қазақстандықтан коронавирустың жаңа штамы анықталды

Қазақстанда коронавирустың британдық штамына қатысты 12 жағдай тіркелді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Ұлттық сараптама орталығы» Нұр-Сұлтан қаласы бойынша молекулярлық-генетикалық зерттеулер зертханасы толық геномдық секвенирлеу әдісімен COVID-19 оң нәтижесі бар 265 үлгіні зерттеді. SARS-CoV-2 вирусының генетикалық сипаттамасына бұл сынамалар Қазақстанның 14 өңірінен алынды.

Нуклеотидтер тізбегін талдау нәтижесінде мамандар 12 вирустан «британдық штамм» генотипін анықтады.

12 штаммның 8 жағдайы Шарм-эль-Шейх (Египет) және Дубай (Біріккен Араб Әмірліктері) халықаралық рейстері арқылы келген азаматтардан табылды.

Қазіргі уақытта бұл елдерде SARS-CoV-2 коронавирусының «британдық» және «оңтүстікафрикалық» штамы көп байқалуда.

Сондай-ақ «британдық штамның» генотипі бар 4 вирус Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және Ақтөбе облысында табылды. Бұл вирус шетелден келген азаматтардан таралған болуы мүмкін.