СҚО мектептері аралас оқыту форматын бастайды

Қазіргі уақытта өңірде мұғалімдер вакцинациядан өтіп жатыр

СҚО мектептері аралас оқыту форматын бастайды
Фото: ашық дереккөзден

Төртінші тоқсаннан бастап СҚО мектептері аралас форматта оқытуға көшеді. 79 мыңнан астам  оқушы негізгі пәндердің 70 пайызы мектеп қабырғасында, қалған 30 пайызы қашықтан оқиды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Араға бір жыл салып, СҚО оқушылары қайтадан мектепте білім алмақ. 3-ші тоқсанда 5,9 және 11 сыныпқа баратын 59 мыңнан астам шәкірт аралас форматта білім алған болатын. Енді облыстағы эпидемиологиялық ахуалдың тұрақталуына байланысты, барлығы қайтадан мектеп партасына отырмақ.

«СҚО қәзір «жасыл аймақта». Жалпы саны 300-ге дейін оқушысы бар мектептер оқуын  штаттық режимде жалғастырады. Сыныптағы оқушы саны 25-тен аспауы шарт.. Алгебра, геометрия, физика, химия, биология, география, қаз,тарихы , қазақ,орыс,шет тілдері сияқты негізгі пәндер 70% - і мектепте, ал 30% - і бұл-көркем еңбек, өзін-өзі тану, қоғам және дін, бастапқы әскери дайындық, кәсіпкерлік және бизнес негіздері, графика және жобалау және факультативтер қашықтықтан оқытылатын болады», - дейді СҚО білім бсасқармасының жетекшісі Гүлмира Кәрімова.

Мамандар хабарлағандай, 8 мектеп оқушысы мен 5 мұғалімі коронавируспен ауырып жатыр.  Осыған байланысты, Қызылжар ауданындағы Вагулино және М.Жұмабаевтағы Медвеженская орта мектептері үшін 4-ші тоқсан қашықтан басталады.

«Егер облыста, аудандарда жағдай нашарлай бастаса, білім бөлімдерінің шешімімен мектептердегі оқыту форматы өзгеруі мүмкін. Ата-аналар назарына ескертетін жәйт, балаға мектеп формасын алудың еш қажеті жоқ. Тек классикалық үлгідегі киім болса болғаны. Сонымен қатар, білім ордаларындағы асханалар да барлық санитарлық талаптарды сақтай отыра жұмысын жалғастырады. Мектептерде залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, желдету, дене қызуын тексеру жұмыстары қатаң түрде ұйымдастырылады», - деді Гүлмира Кәрімова.

Қазіргі уақытта мұғалімдер вакцинациядан өтіп жатыр. Өңірдің 609 педагогы коронавирусқа қарсы екпе алған.

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.