«ПТР-тестілеу балалар арасында мидың жарақат алу қаупін арттыруда»: ДСМ ақпаратты жоққа шығарды

StopFake порталы желіде тараған хабарламаны жоққа шығарды

«ПТР-тестілеу балалар арасында мидың жарақат алу қаупін арттыруда»: ДСМ ақпаратты жоққа шығарды
көрнекі сурет

Мессенджерлерде тараған хабарлама қазақстандықтардың алаңдаушылығын тудырды. Мәтінге сәйкес, сарапшылар коронавирус бойынша ПТР-талдауы үшін биоматериал алу әдісі балалар арасында ми жарақаты қаупін едәуір арттырды деген қорытындыға келген екен. Алайда, бұл ақпарат жалған.

Хабарлама мәтіні бойынша, бұл мектептерде теріс нәтижесі бар ПТР-анықтаманың болуына қойылған талаптан туындап отыр. Тиісті анықтама болмаса, балаларға сыныпта сабаққа қатысуға тыйым салынады.

StopFake порталы желіде тараған хабарламаны жоққа шығарды.

«Біріншіден, Қазақстанда мұндай талаптар жоқ. Балалар мектепке ҚР Бас санитарлық дәрігерінің қаулысында көрсетілген талаптарды сақтай отырып, барады. Онда оқушыларға ПТР анықтамалары қажеттілігі туралы айтылмайды.

Екіншіден, ПТР-тест үшін биоматериал жинау арқылы миға зақым келтіру мүмкін емес. Бұған дейін біз бұл туралы жазған болатынбыз, яғни жақпа алуға арналған зондта өткір металл бөлшектер жоқ және ол миға жетпейді. Шырыш алған кезде жұтқыншақ пен мидың арасында қалың бұлшықет қабаты және бас сүйек негізінің сүйегі орналасқан», - делінген .

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.