22.10.2025, 17:38
Оқиғалар
Атырауда қоқыс толы, іріп-шіріген пәтерден кішкентай бала табылды (ВИДЕО)
Баланы полиция тиісті мамандарға тапсырған
Атырауда СЭС қызметкерлері қоқысқа толы пәтерде тұрып жатқан отбасын тауып алды. Желіде адамтүршігерлік кадрлар жария болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Привокзальный ықшам ауданында орналасқан үйдің тұрғындары бірнеше рет сасық иіске, антисанитариялық жағдайға шағымданған. Лас пәтерді көруге келген мамандар қатты таңғалып, эмоциясын жасыра алмады. Қабырғасы көгерген, кіре берістен бастап қалдықтарға бөккен үйде кішкентай баланың да бары анықталды.
Полиция отбасын алып шықты, баланы әлеуметтік қызметтердің қарауына берді. Мамандардың айтуынша, үй иесі «Плюшкин синдромына» шалдыққан болуы мүмкін.
Редакция полицияға сұрау жолдады.
Көп оқылған
14.09.2026, 11:08
«Шайырдың шалдары, қайдасыңдар?»: Маңғыстаудағы айтысқа мас шыққан «Алтын домбыра» иегері Мақсат Ақанов жазаланды
14.09.2026, 11:48
Жамбыл облысында дронның көмегімен ер адамның бүтін бір есірткі алқабын өсіргені анықталды (ВИДЕО)
14.09.2026, 16:20
«Кедейді байытып, бедеулікті емдейді»: Қазақстанда ұрғашы қасқырдың қынабы 90 мың теңгеден сатылып жатыр