23.10.2025, 11:05
Оқиғалар
Ақтөбе облысындағы қорқынышты жол апатынан 12 адам тіл тартпай кетті – он адам бір ауылдан шыққан (ВИДЕО)
Апат бүгін, 23 қазан күні болған
Фото: скриншот
23 қазан күні «Самара – Шымкент» автожолында, Белқопа ауылының маңында DAF жүк көлігі мен «Газель» жолаушылар көлігі бір-біріне соғылып, 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақтөбе облысының полиция департаменті хабарлағандай, алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігі жолдың қарсы бетіне шығып кеткен.
«Жол апатынан екі жүргізуші мен «ГАЗель» көлігінде отырған 10 жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Тағы бес адам аурухана түсті», - деп хабарлайды полиция департаменті.
Жол апатына байланысты тергеу басталған. Полицияның мәліметінше, «Газель» ресми түрде Жүргенов ауылынан облыс орталығына жолаушылар тасымалдайтын көлік болған.
Көп оқылған
28.10.2026, 16:15
Тоқаевтың Жолдаудағы сынынан кейін төрт сағат өте алғашқы топ-менеджер жұмысынан айырылды
28.10.2026, 12:26
«Бас-аяғы 77 мың адам»: Тоқаев Жолдауында кімдердің жалақысын 40 пайызға дейін көбейтіп берді
28.10.2026, 13:30
Бір уыс доллар мен айфон 18: әнші Алтынай Жорабаеваның туған күніне күйеуі не сыйлады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды