Елордада Наурыз күндері қоғамдық көліктер қалыпты жұмыс істейді
21 наурызда қалада және қала маңына қатынайтын қоғамдық көліктердің жұмысы бір күнге тоқтатылады
Наурыз мейрамын мерекелеу күндері, 22-24 наурыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көліктер қалыпты жұмыс істейді. Бұл туралы CTS баспасөз қызметі хабарлайды.
Жексенбі күні, 21 наурызда қалада және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы бір күнге тоқтатылады. Қоғамдық көлік Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес бір күн жұмыс істемейді. Бұл күні дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.
«Маска тағу режимін сақтауды сұраймыз. Автобусқа маскасыз кіруге болмайды. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді», - делінген хабарламада.
Басқа күндері, соның ішінде сенбі күні қалада және қала маңына қатынайтын бағдарлар қалыпты жүреді.