$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.03.2021, 13:38
Қоғам

Алматыда Болатхан Тайжанға мемориалдық тақта ашылды

Қоғам қайраткері көп жылдар бойы төтенше және өкілетті елшілік қызметте болған

Алматыда Болатхан Тайжанға мемориалдық тақта ашылды

Алматыда қоғам қайраткері Тайжан Болатхан Құлжанұлының құрметіне мемориалдық тақта ашылды. Құрмет тақтасы Сейфуллин даңғылындағы 546 мекенжайында орналасқан. Бұған дейін оның атына көше атауы берілген еді. Б.Тайжан көп жылдар бойы төтенше және өкілетті елшілік қызметте болған. Кейінгі өмірі Алматыда өтті.

«Мен бұл адамның өз халқына адал болғанын айтқым келеді. Ол кадрлық дипломат болды, сол кезде де, қазір де мұндай дипломаттар аз. Өз ісін жақсы білетін және Қазақстан үшін көп іс жасаған адам еді. Өйткені ең қиын кезең – ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдары болатын. Алғаш рет байланыс орнатып, жол салу керек болды және Болатхан қай жерде болса да бұл жұмысты өте жақсы орындады. Мысалы, Йеменнің консулы болса да азамат соғысы кезінде оқ астында, өз өмірін қатерге тігіп, кеңес азаматтарын пароходқа апарып, еліне жіберген. Мысырдағы елші болған кезде Қазақстанды әлем мойындау үшін көп күш жұмсады, сондай-ақ Египетте Абай атындағы көшенің ашылуына қол жеткізді. Ал ең үлкен жетістігі – оның көмегімен Қазақстанның Ислам Конференциясы Ұйымына кіргені, бұл - орасан зор еңбек. Ол маған конференция жабылған соңғы сәтте Қазақстанды осы қуатты, танымал ұйымның мүшесі деп жариялағаны туралы көп айтқан еді. Қай жерде болмасын, ол әрқашан біздің тәуелсіздігіміздің игілігі үшін бәрін жасады», - деді профессор М.Сүлейменов.

Ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Е. Бабақұмаров, Б. Тайжанның жұбайы мен ұлы, профессор М. Сүлейменов, дипломат Х. Омаров, ҚазҰТУ проректоры У. Сыдықов және ҚР СІМ өкілдігінің басшысы Е. Ысқақов сынды азаматтар қатысты.

Серіктес жаңалықтары