ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 2656 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Елорда әкімдігі мереке күні босанған аналарды құттықтады

Сағат 11-ге дейін қалада 25 сәби дүниеге келген

Қала басшылығы көктемнің алғаш мерекесі – 8 наурыз күні дүние есігін ашқан нәрестелерді құттықтап шықты.

Халықаралық әйелдер күнінде қала басшылығы көпбейінді ауруханалардың акушерлік блогына барып, мерекеде туған сәбилер мен аналарды құттықтады.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов аналарға әдемі гүл шоғын, әкім атынан құттықтау хаты мен балалар арбасын ұсынды.

«Бүгін аналар, арулар мерекесі. Біреулерін алғаш рет ана атанып, екіншілерін таңы бір мәрте ана бақытын сезініп отырсыздыр. Шынайы бақыт та, мейрам осы ғой", - деп жылы құттықтады Басқарма басшысы.

Аналар мен сәбилерді құттықтауды аудандық әкімдіктер де жалғастырды. Қала басшылығы бақытты аналарды сәбинің өмірге келуімен қоса, әйелдер мерекесімен де құттықтауды ұмытпады. Бақыт, денсаулық, молшылық тілеп, гүл мен сыйлықтарын ұсынды.

Сағат таңғы 11-ге сәйкес елорда бойынша жалпы 25 бала дүниеге келді. Оның 11-і қыз және 14 ұл бала.