$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.12.2019, 13:37
Қоғам

Алматыда жалған сот жұмыс істеген

Заңсыз жұмыс істеген сот адамдарды жүргізуші куәлігінен айырып, әкімшілік және қылмыстық істер бойынша шешім шығарып отырған

Алматыда жалған сот жұмыс істеген
Фото: ашық дереккөзден

Жалған соттың қанша адамға үкім шығарып, «әділқазылықпен» айналысқаны әзірге белгсіз деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

«Алматыда А. есімді азаматша «Әділет «халықаралық төрелік соты» толық серіктестігін құрып, сот төрелігін заңсыз жүзеге асырған. Ол билік өкілі статусын өз еркімен алып, Қазақстан Республикасының атынан әкімшілік, қылмыстық және азаматтық істер бойынша шешім шығарып отырған (фирмалық бланкісінде мемлекеттік елтаңбаны және басқа да деректемелерді қолданған). Осылайша жалған сот заңсыз сот актілерімен азаматтарды жүргізуші құқығынан айырып, соманы өндіріп алып, тергеу изоляторынан адамдарды босатуға тырысқан», - деп хабарлайды Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Алматы қаласы Бостандық ауданы прокурорының арызы бойынша Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Әділет «халықаралық төрелік соты» серіктестігінің қызметін тоқтатты. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 390 бабы бойынша («билік өкілі атағын өз еркімен беру») сотқа дейінгі тергеу басталды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібінде өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жариялануға жатпайды, деп атап өтті Алматы прокуратурасы.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы.

Серіктес жаңалықтары