01.03.2021, 15:32
Қоғам
Дубайдан ұшып келген 4 азаматтан коронавирус анықталды
Олардың төртеуі де БАӘ-ден Алматы әуежайына келген
көрнекі фото
28 ақпанда Қазақстан аумағына Германия, Шри-Ланка, Сауд Арабиясы, Мальдив, БАӘ, Мысыр, Түркия, Украина, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен 23 халықаралық әуе рейсімен 3 210 жолаушы келді. Олардың қатарында 2 481 қазақстандықта теріс нәтижесі көрсетілген ПТР-анықтамасы болса, қалған 729 жолаушыда тиісті анықтама болмаған.
- Алматы әуежайына – 15 рейс (2 033 жолаушы, анықтамамен – 1 693, анықтамасыз – 340);
- Нұр-Сұлтан әуежайына – 8 рейс (1 177 жолаушы, анықтамамен - 788; анықтамасыз – 389).
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР-тестілеуден өтіп, карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.
27 ақпанында шетелден анықтамасыз келген 473 Қазақстан азаматының төртеуінен коронавирус анықталды. Олардың бәрі Дубайдан (БАӘ) Алматы қаласына ұшып келген.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды