$ 520.48  574.61  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.03.2021, 17:40
Қоғам

Оқушылар мектеп формасын киюге міндетті емес - БҒМ

Наурыздан бастап бастауыш сынып оқушыларына аралас форматта білім алуға рұқсат етілді

Оқушылар мектеп формасын киюге міндетті емес - БҒМ
көрнекі фото

1 наурыздан бастап 1-5 сынып оқушыларын аралас форматта оқытуға рұқсат етілді. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің әлеуметттік желідегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруы мен тұрақтануына байланысты, жалпы білім беретін мектептердің 1-5 сынып және халықаралық мектептердің 1-7 сынып білім алушыларын 1 наурыздан бастап аралас форматта оқытуға рұқсат етілді», - делінген хабарламада.

Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, қай оқу пәндерінің дәстүрлі немесе қашықтан оқыту форматтарында жүргізілуін және оқу сағаттар санын анықтауды әр мектеп өзі шешеді.

«Оқушылар ауырғанда немесе науқастармен қарым-қатынаста болған жағдайда ата-анасының өтініші бойынша балаларды қашықтан оқытуға рұқсат етіледі», - делінген қаулыда.

Әлеуметтік желілерде қаулыға қатысты ата-аналардың шешімі қақ жарылды. Бірі қуанып жатса, екіншісін мектеп формасының жоқтығы үшін алаңдады. Осыны ескерген министрлік оқушыларға мектепке еркін формамен келуіне рұқсат етті.

Серіктес жаңалықтары