Зейнеп Ахметова әнші Сәкен Майғазиевке көңіл айтты (ВИДЕО)

Көңіл айтқан сәттің видеосы әлеуметтік желіде жарияланды

Зейнеп Ахметова әнші Сәкен Майғазиевке көңіл айтты (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Белгілі жазушы Зейнеп Ахметова әнші Сәкен Майғазиевтің анасының асында әншіге көңіл айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Лайым Алла алдынан жарылқасын! Алды бейіш, арты кеніш болсын! Артындағы ұрпағы өсіп-өніп, тойдан тойға ұласа берсін деп тілеймін! Әумин!» – деп аста Зейнеп Ахметова ізгі тілегін білдірді.

Айта кетейік, бірер апта бұрын Сәкен Майғазиевтің анасы Ұлтай Мейрамбекқызы өмірден өткені, жаназасы Түркістан облысының Созақ ауылындағы өз шаңырағында өткені хабарланған.

Артынша әншінің анасын жерлеп болғаннан кейінгі видеосы желіде жарияланған.