Қарағандыда бозбалаларды зар қақсатып жүрген еркек пен әйел ұсталды (ВИДЕО)

Қарағандыда велосипед ұрлап жүрген «тандем» ұсталды

Қарағандыда бозбалаларды зар қақсатып жүрген еркек пен әйел ұсталды (ВИДЕО)
Фото: ЖИ арқылы жасалды/ChatGPT

Қарағандыда жасөспірімдерді зар қақсатып, велосипедтерін ұрлап жүр деген күдікпен еркек пен әйел ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, олар бес күн ішінде құны 300 мың теңгеден астам велосипедтерді ұрлаған. Күдікті ретінде 33 жастағы ер адам мен оның 29 жастағы серігі қолға түсті.

«Олар жұрттың күдігін тудырмас үшін жұп болып жүріп, ұрланған велосипедтерді жетектеп жүруді әдіс етіп алған. Алайда олардың бұл айласы ұзаққа барған жоқ. Қазіргі уақытта ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалып, олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр», – делінген ПД хабарламасында.

Полиция велосипед, самокат және балалар арбаларын үйдің кіреберісі мен дүкен маңына қараусыз қалдырмау керектігін ескертті.