$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.03.2021, 18:18
Қоғам

Алматыда коронавируспен күрескен дәрігерлердің құрметіне ескерткіш ашылды

ҚазҰМУ жанындағы аллеяда 20 қарағай көшеті отырғызылды

Алматыда коронавируспен күрескен дәрігерлердің құрметіне ескерткіш ашылды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев монумент қойылатын жерге тасты орнатуға қатысты. Қала басшысының айтуынша, ескерткіш медицина қызметкерлеріне деген алғыстың символына айналауы тиіс.

«Бүгін Алматының медицина мен жазушылар қауымдастығының өкілдерімен дәрігерлерге арналған ескерткіштің негізіне тас орнаттық. Ескерткіш коронавирус пандемиясымен күрескен барлық медицина қызметкерлеріне көрсетілген құрмет пен алғыстың белгісі. Сондай-ақ олардың құрметіне қарағай аллеясы отырғызылды», - деді Алматы әкімі.

Ескерткіш С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жанындағы аллеяда ашылады. Мұнда 20 қарағай көшеті отырғызылды.

Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, Алматы қаласы ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ахметжан Шардинов, ақын Ақберен Елгезек, №7 қалалық клиникалық аурухананың дәрігері Жадыра Шерияздан ескерткіштің ашылуын қолдап, сөз сөйледі.

Серіктес жаңалықтары