ШұғылЖыл басынан бері өндірістегі жазатайым оқиғалар салдарынан 310 адам зардап шеккен

ДСМ вакцинациядан кейінгі эпидемиологиялық жағдайға болжам жасады

Биыл Қазақстанда 6 млн-нан астам адамға вакцина егіледі

Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

Қазақстанда жүргізіліп жатқан вакцинацияны ескеріп жылдың соңына дейін эпидемиологиялық жағдайға болжам жасалды. Бұл туралы бүгін вице-премьер Ералы Тоғжановтың қатысуымен өткен ведомствоның алқа отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады.

«Вакцинацияның қолда бар нәтижелерін ескере отырып, осы жылдың екінші жартыжылдығына дейін эпидемиологиялық жағдайға болжам жасалды.

Қазақстанда жеке вакцина әзірлеушілер, сондай-ақ вакцина өндіруге арналған оқшауланған алаң вакцинамен қамтамасыз етуге байланысты тәуекелдерді барынша азайту және республикамыздағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға айтарлықтай әсер етеді. Осылайша, 2021 жылы біз 6 млн-нан астам адамды егуді жоспарлап отырмыз», - деді А.Цой.

Алқа отырысында Денсаулық сақтау министрі ресейлік «Спутник V» вакцинасы рекордтық мерзімде сатып алынғанын еске салды. Бүгінде ол Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында өндірілуде. Отандық тауар бекітілген кестеге сәйкес 24 ақпаннан бері жеткізіле бастады. Сонымен қатар, биыл сәуір айында Ғылым комитетіне қарасты Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты әзірлеген – отандық «QazCovid-in» вакцинасын қолдану жоспарланған.

Министр оптимистік және шынайы болжамға сәйкес жаппай маска режимі, сондай-ақ әлеуметтік арақашықтық сақтау нәтижесінде елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақталады және қатаң карантиндік шектеуге вакцинация ғана балама болатынын атап өтті.

«Бүкіл әлем вакцинация ғана қалыпты өмірге карантинсіз оралуға мүмкіндік беретінін түсінді. Осыған байланысты өңірлер иммунопрофилактика бойынша халыққа ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуі қажет», - деді А.Цой.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы жаппай вакцинациялау Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2021 жылғы 1 ақпанда басталды.