Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерге жер сату мәселесіне тағы тоқталды

Президент Жер туралы заңды күшейтуді тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерге жер сату мәселесіне тағы тоқталды
Фото ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерге Қазақстанда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді сатып алуға немесе жалға алуға тыйым салынатынын тағы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Жер мәселесі әрқашан біздің халқымыз үшін өте маңызды болды. Бұл – біздің мемлекеттігіміздің берік іргетасы және қасиетті рәмізі. Мен Қазақстанның жерін шетелдіктерге сату мүмкін еместігін бірнеше рет айттым. Бұл мәселе туралы қауесетті тоқтату керек», - деді Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.

Президент бұл мәселе бойынша нақты шешімдер қабылдағанын айтты.

«Бірінші кезекте, шетелдіктер мен шетелдік заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді сату мен жалға беруге заңмен тыйым салуды тапсырамын. Бұл шетелдік акциялары бар заңды тұлғаларға да қатысты.

Мен мұны шұғыл түрде Президенттің заңнамалық бастамасына айналдыру керек деп шештім. Президент Әкімшілігі бұл мәселе бойынша тиісті заң жобасын әзірлеуі керек», - деді Тоқаев.

Бұған дейін Қазақстан Халық партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Айбек Паяев Үкіметке Жер кодексіне енгізілген түзетулер туралы айтқан. Оның пікірінше, Министрлер Кабинеті заң бойынша жеткілікті түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатқан жоқ. Соның салдарынан қазақстандықтар арасында түсініспеушілік туындауда. Сондықтан мәжілісмен Президенттен жер туралы заң жобасын шұғыл жариялауды сұрады.

Сымбат Ғалымжанқызы, Нұр-Сұлтан

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.