ШұғылАналық капитал: депутаттар дүниеге келген әр сәбиге 4,2 млн теңге төлеуді ұсынды

Қарулы күштер төтенше жағдайлардың салдарын жоюға дайындық жүргізді

Көктемде болуы мүмкін су тасқынына қарсы іс-шаралар мәселесі пысықталып жатыр

 

Қорғаныс министрлігінің аппарат кеңесінде атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылып, келесі аптаға тапсырмалар қойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қорғаныс ведомствосының басшысы офицерлік құрамды аттестаттау шеңберінде аттестациядан өтетіндердің қызметтік іс-әрекетінің тиімділігіне назар аударуды, бағалауды қағаз жүзінде ғана үстірт жүргізіп, субъективті көзқарасқа жол бермеуді тапсырды. Генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев қолбасшылықтың басты міндеті – болашақта жоғары басшылық лауазымдарды атқаратын үздік офицерлерді анықтау және олардың қызметі бойынша өсуіне көмектесу екенін атап өтті.

Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында гарнизондарда спорттық-бұқаралық жұмысты нығайту, оған әскери қызметшілерді ғана емес, сонымен қатар олардың отбасы мүшелерін де барынша тарту тапсырылды. Ол үшін оқу-материалдық базаны және әскери бөлімдердің спортшы-нұсқаушыларын жұмысқа тарту жоспарлануда. Ал гарнизондардағы спорт кешендерінің базасында балаларға арналған спорт үйірмелері ұйымдастырылатын болады.

«Биыл 29 қаңтарда өткен бірлескен кеңесте Қорғаныс министрлігі мен ТЖМ арасындағы қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде әскери техниканың табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарын жоюға қатысуға дайындығын тексеру туралы нұсқаулар берілді. Көктемгі кезең жақындаған сайын гарнизондардың бастықтарына болуы ықтимал су тасқынына қарсы іс-шараларға Төтенше жағдайлар жөніндегі өңірлік бөлімшелермен бірлесіп қатысу мәселелерін пысықтауға нұсқау берілді», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ қорғаныс ведомствосының басшысы өнеркәсіптік кәсіпорындармен, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен Қазақстан әскер үшін қажетті тәжірибе-құрастыру жұмыстарын ұйымдастыру мен әскери өнім шығару жөнінде өзара іс-қимылда неғұрлым белсенділік, ұйымдастырушылық қабілет көрсетуді тапсырды.