$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.02.2021, 23:49
Қоғам

Еліміз бойынша қанша адам зейнетақы жинағына баспана сатып алды?

Бағдарламаға қатысушылардың басым көпшілігі жаңа пәтер алып, несиелерін өтеген

 

Еліміз бойынша қанша адам зейнетақы жинағына баспана сатып алды?
Фото: neonomad.kz

Еліміз бойынша 28 мың азамат зейнетақы жинағына ипотека рәсімдеп, қарыздарын өтеп, пәтер сатып алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Отбасы Банк» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бір айға жетпес уақыт ішінде отыз мыңға жуық отандасымыз баспаналы болып үлгерген. Оның ішінде, бағдарламаға қатысушылардың 46%-ы «Отбасы банкінің» тиімді бағдарламаларын пайдаланып, жаңа баспанаға қол жеткізген және қолданыстағы несиелерін өтеген.

11 мыңнан астам қазақстандық біржолғы зейнетақы төлемдерін басқа екінші деңгейлі банктердегі ипотекалық қарыздарын өтеуге жұмсаған.

«Біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен 4 мыңнан астам адам жаңа баспанасын ипотекасыз толық сатып алды. Ал өз зейнетақы қаражатын басқа мақсаттарға жұмсауға ниет білдірушілер аз болды, бар болғаны – 0,7%», - делінген банк хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары