$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.02.2021, 19:47
Қоғам

Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі ұзарды

Ол бюджет қаражатын талан-таражға салды деп айыпталуда

Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі ұзарды
Sputnik Казахстан

Нұр-Сұлтан қаласының ауданаралық тергеу соты экс-министр Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін 2021 жылдың наурыз айының соңына дейін ұзартты. Бұл туралы Біртановтың қорғаушысы Дмитрий Куряченко мәлімдеді.

«Тергеу оның үйқамақта отыруын ертерек – 12 ақпанда шешіп қойған. Мерзім наурыз айының соңына дейін ұзартылды», - деді Дмитрий Куряченко.

Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Біртановтың заңсыз қуғындалып жатқанын және мұны тоқтатуын сұрап хат жазғанын айтты.

Еске салайық, экс-министр Елжан Біртанов 2020 жылдың 25 маусымында қызметінен кеткен болатын. Оның ұсталғаны туралы ақпарат 3 қарашада жария болды. Біртановты бюджеттің ірі көлемдегі қаражатын талан-таражға салды деп айыптап жатыр. Қазір ол үйқамақта.

Серіктес жаңалықтары