$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.12.2019, 15:03
Қоғам

Әлия Назарбаева әлеуметтік желіде әкесі туралы жазбасын жариялады

Әлия Назарбаева әлеуметтік желідегі жеке парақшасына әкесімен жаңажылдық шыршаның жанында тұрған суретін жүктеп, құттықтау тілегін жазды

Әлия Назарбаева әлеуметтік желіде әкесі туралы жазбасын жариялады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Әлия Назарбаева қазақстандықтарды және әкесін мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Әлия Назарбаева әлеуметтік желідегі жеке парақшасына әкесімен жаңажылдық шыршаның жанында тұрған суретін жүктеп, құттықтау тілегін жазған екен. 

Әлия Нұрсұлтанқызы өз жазбасында 1991 жылдың 1 желтоқсанында Нұрсұлтан Назарбаевтың алғашқы жалпыхалықтық сайлау нәтижесінде ел президенті болып жарияланғанын еске салады.

«Ол осы жауапты қызметті 29 жыл абыроймен атқарды және өз халқының игілігі үшін әлі де еңбек етіп келеді. Мен әкемнің тегін мақтанышпен, зор құрметпен, абыроймен және жауапкершілікпен алып жүрмін. Алладан оның денсаулығы мен ұзақ ғұмыр сүруін тілеймін!», - деп жазады Елбасының кенже қызы Instagram парақшасында. 

Айта кетерлігі, Елбасы құрметіне арналған мемлекеттік мереке – 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні елімізде 2012 жылдан бері атап өтіледі.  

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 20 наурызында президенттік өкілеттігін тоқтатты. Дегенмен, ол Қауіпсіздік кеңесінің және Nur Otan партиясының төрағасы, Қазақстан Конституциялық кеңесінің мүшесі.

 

Серіктес жаңалықтары