Ақпанның соңынан бастап зейнетақы жинағын ем-дом үшін пайдалануға болады
Бұл туралы уәкілетті оператор – «Отбасы банк» басшысы айтты
Зейнетақы қаражатын пайдалану ережелері мен диагноздар тізімі бар платформа 25 ақпаннан бастап жұмыс істей бастайды. Бұл туралы «Отбасы банк» басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Бүгін осы ережелер жария болады және қолданысқа енеді. Портал 2021 жылдың 25 ақпанында іске қосылады, бізге соңғы жаңалықтарды өзгерту үшін үш жұмыс күні қажет. Бастапқыда енгізілген кейбір ауру түрлері соңғы сәтте алынып тасталды», - деді Ләззат Ибрагимова.
Банк төрайымының айтуынша, қазір бірнеше кезеңнен тұратын механизм пысықталуда. Атап айтқанда, өтініш беруші «Отбасы банк» порталынан БЖЗҚ сайтына өтініш беру үшін екі күн күтеді.
«Бұл әдетте 1 жұмыс күнін алады. БЖЗҚ ережелеріне сәйкес 5 жұмыс күні ішінде ақшаны арнайы ағымдағы шотқа аудару керек», - деп толықтырды банк басшысы.
18 ақпандағы жағдай бойынша, «Отбасы банкте» 159 281 арнайы ағымдағы шот ашылған. Оның ішінде 96 281 өтініш беруші тұрғын үй мақсаттарына өтінім ресімдеген.
«Сондықтан айырмашылық шамамен 60 мыңды құрайды. Мобильді қосымшада - алдын-ала арнайы ағымдағы шоттарды ашқан және ережелердің жариялануын күтіп отырған азаматтар. Арнайы шотта ол тапсырыс берген қолжетімді соманы көрген соң, маманға жүгіне алады. Менің ойымша, бұл бағдарламаны күткен адамдардың көпшілігінде белгілі бір диагноздар бар. Медициналық комиссия клиент жүгінген сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде ережелерге сәйкес жасақталады», - деп түсіндірді Ләззат Ибрагимова.
Бұдан әрі қарай, дәрігерлік комиссиядан өткеннен кейін екі жұмыс күні ішінде комиссия хатшысы бас тарту немесе келісу туралы шешімді жеткізеді.
«Әрбір өтініш беруші IBAN-шотты және шартта көрсетілген медициналық ұйымның деректемелерінен ЕДБ-ны толтырады. Осылайша, барлық есеп айырысулар қолма-қол ақшасыз жүргізіледі», - деп банк төрайымы.
«Отбасы банк» басшысы клиенттің өзі бұл ақшаға іс жүзінде қол жеткізе алмайтынын және оларды алып тастай алмайтынын атап өтті. Ақша аударылып, емдеу жүргізілгеннен кейін өтініш жабық болып саналады.
«Келесі кезең – наурыз айының басында біз шетелдік ұйымдармен жұмыс істеу мүмкіндігін қосамыз. Бұл жерде айырбастау мәселесі бар. Өйткені БЖЗҚ-дан барлық ақша өтініш берушіге міндетті түрде қазақстандық теңгемен түседі. Шетелдік медициналық ұйыммен жасалған шарт болған соң, бізге айырбастау күнін таңдау қажет болады», - деп қорытындылады сөзін Ләззат Ибрагимова.
Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан