01.12.2019, 12:55
Қоғам
Бүгін Нұр-Сұлтанда мерекелік отшашу болады
Бүгін Тұңғыш Президент мерекесіне орай сағат кешкі 9.00-де елордада отшашу болады
Мерекелік отшашуды елорда тұрғындары мен қонақтары бүгін, яғни 1 желтоқсан күні кешкі сағат тоғызда тамашалай алады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бүгін Тұңғыш Президент мерекесіне орай сағат кешкі 9.00-де елордада отшашу болады.
«Астана» медиаорталығының фейсбуктегі ресми парақшасында мерекелік отшашу қаланың қай жерінен ерекше әдемі көрінетіні жазылыпты.
«Елорда тұрғындары мен қонақтары отшашуды Есіл өзенінің жағалауында (Сарыарқа ауданындағы Орталық саябақ), Ханшатыр маңында, сондай-ақ, Абылай хан даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысында тамашалай алады», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 07:27
Қар аралас жаңбыр, тұман, жел: 4 қазанға арналған ауа райы болжамы
04.10.2026, 10:30
Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
04.10.2026, 13:09
Талдықорғанда әйелін қарумен қорқытқан ер адам ұсталды (ВИДЕО)