Гаджет оқушылар мен студенттердің жұмыс істеуі үшін барынша қолайлы етіп жасалған
Петропавлдағы Киров зауытында ультрабук шығара бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Солтүстік Қазақстан облысының Муниципалдық телеарнасы Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.
«Петропавлда ноутбук шығарылады. Киров атындағы зауыт жыл басынан қытайлық компаниямен келіссөз жүргізіп, гаджеттерді құрастыруды қолға алған болатын. Жазда жергілікті инженерлер аспан асты еліне тәжірибе жинақтауға барса, енді шетелдік мамандар Петропавлға келді. Қос тарап бірлесіп, алғашқы 50 бірдей сынамалық ультрабук құрастырды», - делінген парақшада.
Телеарна тілшісінің дерегінше, ультрабуктің салмағы 1,3 келіні құрайды. Гаджет оқушылар мен студенттердің жұмыс істеуі үшін барынша қолайлы етіп жасалған. Ультрабукте жергілікті кәсіпорынның логотипі таңдаланып, өндірушісі ретінде Киров зауытының атауы көрсетілген.
Сот үкімімен ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды
Қарызға белшеден батқан бизнесмен банкроттың алдындамын дейді
74 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек алу үшін табысын жасырған
Республикалық бюджеттен бөлінетін қаражаттың ең көп бөлігі Павлодар облысына бағытталған
Сот үкімімен Жақсыбеков 7 жылға бас бостандығынан айырылды