$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.02.2021, 14:20
Қоғам

Алматы және Түркістан облыстарында қаржыландырылмайтын балабақшалар бар

Түркістан облысында мектеп жасына дейінгі 155 мың бала бар

Алматы және Түркістан облыстарында қаржыландырылмайтын балабақшалар бар
көрнекі фото

Мәжілістің пленарлық отырысында Алматы және Түркістан облыстарындағы балабақшаларды қаржыландыру мәселесі көтерілді. Депутат Ирина Смирнова Премьер-министрдің атына жолдаған депутаттық сауалында қаражатқа қол жеткізе алмай отырған мектепке дейінгі мекемелер туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Алматы облысында 2018 жылдан бастап ашылған балабақшалар қаржыландырылмайды. Егер олардың кейбіріне қаражат бөлінсе, оларды таңдау принципі түсініксіз. Балалардың мүддесі мен құқығы ескеріліп емес, субъективті түрде таңдалып, қаражат бөлінгені көрініп тұр. Инклюзивтік топтардың болуы және оларды қаржыландыру да өткір мәселе. Ал Білім және ғылым министрлігі бюджет бойынша міндеттемелер өңірдің әрбір баласын ескере отырып, толық көлемде орындалды деп хабарлайды. Облыстың қаражатты пайдалану тиімділігі туралы мәселе туындап отыр», - деді Смирнова.

Оқи отырыңыз: Дариға Назарбаева жекеменшік балабақшалардағы жалақы мәселесін сөз етті

Ал Түркістан облысында 2021 жылдың 1 ақпанындағы ақпарат бойынша, мектеп жасына дейінгі 155 мың бала бар.

«ОҚО-ны 2 аймаққа бөлу кезінде Түркістан облысында Шымкентке қарағанда балалар саны көп екендігі ескерілмеген. Қаражат тең дәрежеде бөлінген. Сол себепті, облыс бойынша 23 млрд теңге тапшылық қалыптасып отыр. Республика бойынша, дәл осы өңірде бір баланы қаржылай қолдау ең төменгі көрсеткішке ие - айына 16-19 мың теңге. Жан басын қаржыландыру әдістемесі бойынша бұл 25-31 мың теңге болуы тиіс. Айта кету керек, Түркістан облысында көпбалалы отбасылар көп. Сондықтан ата-аналардың балаларға төлемдері 8000 теңгеден аспайды», - деді депутат.

Депутаттың айтуынша, мұндай қаржыландырумен қажетті жағдай жасап, сапалы және дұрыс тамақтандыру мүмкін емес.

«Түркістан облысының әкімдігі, білім басқармасының басшысы, үкіметтік емес ұйымдар жағдай туралы түрлі деңгей де бірнеше рет хабарлаған. Депутаттар бұл мәселені бірнеше рет көтерді. Алайда, осы уақытқа дейін ештеңе өзгерген жоқ! Халық партиясының депутаттық фракциясы Үкіметтен жан басына шаққандағы қаржыландыру әдістемесіне сәйкес Түркістан облысынан бастап мектепке дейінгі жастағы балаларды жеткілікті қаржыландыру туралы мәселені шұғыл шешуді талап етеді! Мәселенің шешілгенін балалар күтуде!» - деп талап етті депутат.

Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары