$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.02.2021, 18:32
Қоғам

Зейнетақы жинағын алуға өтінім берген салымшыларға 350 млрд теңге аударылды

33 мыңға жуық өтініш қабылданбады

Зейнетақы жинағын алуға өтінім берген салымшыларға 350 млрд теңге аударылды
Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

10 ақпандағы жағдай бойынша, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына уәкілетті операторлардан («Отбасы Банкі» «Қазақстан Халық Банкі») тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға 104 076 өтініш түсті.

Оның ішінде 36,8 млрд теңгеден аса сомаға 6 824 өтініш уәкілетті операторларда ашылған арнайы шоттарға кейіннен төлемдер жасау үшін өңделуде. Заң талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты 32 870 өтініш қабылданбады.

Жалпы сомасы 350 млрд теңгеге 64 382 өтініш орындалды, аталған сома уәкілетті операторларға аударылып, өтініш берушілердің арнайы шоттарына есептелді. Төлемдердің орташа сомасы шамамен 5,4 млн теңге.

БЗТ алуға берілген өтініштердің басым бөлігі бұрынғысынша Алматы (20, 6%) мен Нұр-Сұлтан қаласының (16,7%), Маңғыстау облысының (14,6%) тұрғындарынан келіп түсуде.

Серіктес жаңалықтары