11.02.2021, 14:18
Қоғам
Нұр-Сұлтандағы даңғылдардың бірінен автобус жолағы алынып тасталды
Енді кез келген көлік иесі бұрынғы жолаушылар автобусына арналған жолақпен жүре алады
Нұр-Сұлтан қаласының Қабанбай батыр даңғылындағы қоғамдық көлік жолақтары 10 ақпаннан бастап алынып тасталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қаланың көше-жол желісін жеңілдету мақсатында осы жылдың 10 ақпанынан бастап Қабанбай батыр даңғылы бойындағы Сығанақ көшесінен айналма жол айрығына дейінгі аралықта екі бағытта қоғамдық көлік жолақтары алынып тасталды.
Автокөлік құралдарының барлық түріне қалаға кірген кезде үш жолақ бойынша, қаладан шыққан кезде екі жолақ бойынша жүруіне рұқсат етіледі.
Жол белгілерін демонтаждау жұмыстары қолайлы ауа райы басталғаннан кейін жүргізілетін болады.
Көп оқылған
11.10.2026, 08:37
Подъезде ұйықтап қалған: Ақтауда жасөспірімге қатысты тексеріс басталды
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
11.10.2026, 23:47
«Үш адам қаза тапты»: Қайрат Нұртастың концерті туралы жалған ақпарат таратқан әйел жазаланды