Павлодарда қымбат көлік ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Күдіктілердің бәрі қамауға алынды

Павлодарда қымбат көлік ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
көрнекі фото: polisia.kz

Павлодар полицейлері Павлодар және Қарағанды облыстарының аумағында қымбат автокөліктер ұрлады деген күдікпен қылмыстық топты анықтап, ұстады.

«Қарағанды облысының үш тұрғынынан құралған қылмыстық топ автокөлікті алдын ала таңдап, бәрін жоспарлаған, негізінен түнгі уақытта әрекет еткен. Ұрланған автокөліктер агрегаттық деректерді өзгерту (VIN-кодтарын өзгерту) арқылы сатылған, ал бір бөлігі автокөліктерді бөлшектеу арқылы сатылған. Павлодарлық жедел уәкілдер бұрын ұрланған жеті көлікті тапты, олардың ішінде Toyota Avensis, Toyota Land Cruiser Prado 120 маркалы автокөліктер бар», – деді облыстық Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Ұсталғандарға қатысты 10 факт бойынша айып тағылды. Қылмыстық кодекстің 188-бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілердің бәрі қамауға алынды. Бұдан бөлек, күдіктілерге ұйымдасқан қылмыстық топ немесе қылмыстық ұйым құрғаны және оған қатысқаны үшін Қылмыстық кодекстің 262-бабының 1,2-бөліктері бойынша да айып тағылады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.