08.02.2021, 10:53
Қоғам
Дубай мен Франкфурттан ұшып келген екі жолаушыдан коронавирус анықталды
6 ақпанда 484 жолаушы ПТР-анықтамасыз келген
көрнекі фото
7 ақпанда Қазақстан аумағына Германия, Мальдив, БАӘ, Мысыр, Түркия, Украина, Ресей және Тәжікстан елдерінен 18 халықаралық әуе рейсімен 2 474 жолаушы келді. Олардың ішінде 1 712 жолаушының теріс нәтижесі көрсетілген ПТР-анықтамасы болса, қалған 762 азамат тиісті анықтамасыз келген.
Оның ішінде:
- Нұр-Сұлтан әуежайына – 9 рейс (1 086 жолаушы, анықтамамен - 727; анықтамасыз – 359);
- Алматы әуежайына – 7 рейс (1 248 жолаушы, анықтамамен - 920, анықтамасыз – 328);
- Өскемен әуежайына – 1 рейс (барлық 12 жолаушы анықтамамен келген);
- Орал әуежайына – 1 рейс (128 жолаушы, анықтамамен - 53, анықтамасыз – 75).
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР-тестілеуден өтіп, карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.
6 ақпанда анықтамасыз келген 484 ҚР азаматының екеуінен коронавирус анықталды. Олардың бірі Алматы әуежайына Дубайдан, екіншісі Нұр-Сұлтан әуежайына Франкфурт қаласынан ұшып келген.
Көп оқылған
09.09.2026, 10:10
Оралда ер адам танысын асқан жауыздықпен пышақтап өлтіріп, сотта өзін қорғадым деп ақталған
09.09.2026, 12:05
«Бес қабат үйдің материалымен 9 қабат үй салып жіберген»: Ұлдана Мырзуанның сотында сарапшы сұмдық мәліметті жария етті
09.09.2026, 14:32
Бір топ еркекпен жеке қалған: ақтөбелік әйел қызының көзінше тікелей эфирде былапыт сөйлеген (ВИДЕО)
09.09.2026, 13:37
Баян Алагөзова дінге қатысты желідегі жазбасы үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады