ШұғылӨткен тәулікте елімізде 753 адамнан коронавирус анықталды

«Тұрғындар ережелерді елемесе, жағдай күрделене түспек» – Алматы эпидемиологы

Алматы «жасыл» аймақта тұрса да, «сары» аймаққа сәйкес шектеулер белгіленді

Бірқатар елдер әлемдегі ауыр эпидемиялық жағдай мен коронавирустың жаңа штамының таралуына байланысты шектеу шараларын күшейтуде. Нидерландыда биліктегілер коронавирустың британдық штамына байланысты 2 наурызға дейін елдегі қатаң локдаунды ұзарту шешімін қабылдады. Португалия билігі бұған дейін енгізілген төтенше жағдай режимін 14 ақпанға дейін ұзартты. Еуроодақ елдері де коронавирустың жаңа мутациясы таралған елдерден келу ережелерін күшейтті.

Алматыдағы қазіргі эпидемиологиялық жағдайға қатысты қаланың Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова санитарлық-эпидемиялық нормалардың сақталуы, коронавирус статистикасы туралы сұрақтарға жауап берді.

— Алматы қаласы қазір «жасыл» аймақта тұр. Яғни, қауіп сейілді деген сөз бе?

— Алматы қаласының «жасыл» аймақта болуы күн сайын денсаулық сақтау мекемелерінің арнайы мониторинг жүйесінде тіркелетін аурулар санының азайғанын айғақтайды. Бірақ жұқтыру қаупі азаяды деп айтуға болмайды, өйткені COVID-19 арнайы сақтық шараларын сақтамаса, тез таралады. Сондықтан Алматы қаласының бас санитар дәрігерінің соңғы қаулысымен қаладағы «сары» аймаққа сәйкес шектеулер белгіленді.

— Қала тұрғындары қандай қауіпсіздік шараларын сақтау тиіс? Вирустан қорғану тәсілдері әлі де күшінде ме?

— Қала тұрғындары салтанатты іс-шараларды өткізуден бас тарту, адамдар көп жиналатын орындарға бармау, барған жағдайда медициналық бетперделердің қолданылуын қамтамасыз ету, қолды таза ұстау, қолды бетке тигізбеу, жеке гигиенаны сақтау, қолды мұқият жуу, қол гигиенасын сақтау мүмкіндігі болмаған жағдайда санитайзерлер қолдану сияқты сақтық шараларын қатаң ұстануы тиіс.

— Статистика бойынша «жасыл», «қызыл», «сары» аймақтар қалай анықталады?

— Эпидемиялық ахуал аймақтары Денсаулық сақтау министрілігінің Қоғамдық денсаулық ұлттық орталығында арнайы компьютерлік бағдарламаның көмегімен анықталады. Бұл аймақтарды анықтау жұмысына біз кірісе алмаймыз. Аталған орталық зертханалық нәтижелердің мониторингтік есеп деректерін тіркелген оң нәтижелер санын, аймақ халқының санын және басқа да коэфициентерді ескере отырып, күнделікті талдау жасайды.