ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 1800-ден астам адамнан коронавирус анықталды

Алик Шпекбаев жұмыс сапарымен Алматы облысына барды

Антикор басшысы бизнес-қоғамдастық өкілдерімен, мемлекеттік және жергілікті атқарушы орган қызметкерлерімен кездесті

 

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметі бақылау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев жұмыс сапарымен Алматы облысына барды.

Антикор басшысы Қарасай және Іле аудандарының ауылдық округ әкімдіктерін аралап, өңірлердің әкімдеріне қызмет көрсетудің сервистік моделіне көшу қажеттілігі туралы ұсыныстар берді.

Алик Шпекбаев тоқтаған нысанның бірі Қарасай ауданы Береке кентінің Мәдениет үйі болды, онда Антикор және Мәдениет пен спорт министрлігінің «Парасат жолы» жобасы өз жұмысын бастады. Жергілікті тұрғындар осы бастаманы қолдай отырып, қоғамда ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын ілгерілету жұмыстарына дайын екенін білдірді.

Сондай-ақ, төраға Іле ауданының Өтеген батыр кентінде Алматы облысының азаматтық сектор, бизнес-қоғамдастық өкілдерімен, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарымен жұмыс кездесуін өткізді.

Іс-шараға ақпараттық-ағарту штабының, арнайы мониторингтік топтың өкілдері, облыстың Филип Моррис Қазақстан, Маревен Фуд Тянь-Шань, Азия Агро фуд және т.б. ірі өнеркәсіптік және азық-түлік компанияларының басшылары қатысты.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы табысты іс-қимылда негізгі екпін алдын алу шараларына қойылады, оның басшысы азаматтық бақылау институты және жауапты, парасатты бизнес», - деп атап өтті Агенттік төрағасы.

Осы тұрғыда, кәсіпкерлік қоғамдастыққа арнаған сөзінде Алик Шпекбаев тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау шеңберіндегі тиімді құрал ретінде комплаенс-қызметтер институтын заңнамалық айқындауға назар аударды, сондай-ақ жеке компаниялардың басшыларын осы жүйені өз кәсіпорындарына енгізуге шақырды.

Сонымен қатар, Алик Шпекбаев шенділерге «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында ең алдымен, қоғамдық бақылауды күшейту керек» деп баса айтты.

Тиімді мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдіру және сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабуды көздеген кездесу соңында Агенттік төрағасына Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарының өңірде қабылданып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар бойынша жұмысы таныстырылды, ал азаматтық сектор өкілдері сыбайлас жемқорлықты алдын алу мәселелерінде алдағы кезеңге арналған өз жоспарлары туралы айтып берді.