Қостанайда мүгедек балаларды оңалту орталығы ашылды

Орталықта мүгедек балаларды әлеуметтік-тұрмыстық жағдайға бейімдеуге мән беріліп отыр

Қостанайда мүгедек балаларды оңалту орталығы ашылды
Фото: ашық дереккөзден

Қостанайда мүгедек балаларға арналған оңалту орталығы ашылды. Мұнда мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдер қалаған спорт түрлерімен айналыса алады, деп хабарлайды «24 kz».

Атап айтсақ, стол теннисі, қол күрестіру, суда жүзу, садақ ату, би спортымен шұғылдануға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ тоғызқұмалақ, асық ойыны сынды ұлттық спорт түрлері де бағдарламаға енгізілген. Орталықта мүгедек балаларды әлеуметтік-тұрмыстық жағдайға бейімдеуге де маңыз беріліп отыр. Сол үшін де компютер тілін игеріп, киім пішіп, іс тігуге үйрететін оқу курстары ашылған. Бұл жоба демеушілердің қолдауымен жүзеге асты.

«Бізде жоба бойынша 25 бала, 25 ана. Ол аналарға да көмек керек. Бізге келген балалар, мүмкіндігі шектеулі жандар, сосын аналары келіп, осы жерде үйренеді көп нәрсеге. Біздің компьютерлік кластарымыз бар, жұмысқа, оқуға түсем деп жатқан балалар болса, біз бұл жағынан да көмектесеміз», - деді жобаны үйлестіруші Аруна Жақсағұлова.

 
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.