04.02.2021, 10:56
Қоғам
Зейнетақы қаражатын туысына табыстауға қатысты толық нұсқаулық әзірленді
Қабылдаушы тараптың қаражатты қалай алатыны белгілі болды
Коллаж: Нұрсұлтан Жорабаев
«Отбасы банктің» баспасөз қызметі зейнетақы жинақтары тек жақын туыстар арасында табысталатынын еске салады (ерлі-зайыптылар; ата-аналар; балалар; бала асырап алушылар / асырап алынғандар; туған немесе әкелері бір / аналары бөлек аға-інілер мен әпке-сіңілілер; аталар / әжелер).
Ол үшін:
- Қабылдаушы тарапқа да, табыстаушы тарапқа да - арнайы шот ашыңыз;
- Өтінім берер алдында, екі тарап та enpf-otbasy.kz платформасында ЭЦҚ көмегімен авторизациядан өткендігіне көз жеткізіңіз;
- Табыстаушы тарап otbasy-enpf.kz - платформасында "жақын туысына қаражат табыстау" тетігін таңдайды.
- Табыстау қажет соманы көрсетесіз. Табыстауға болатын сомадан 20 000 теңгеге кем жазуға кеңес береміз.
- Зейнетақы жинақтарын қабылдайтын туысының ЖСН жазасыз.
- БЗТ қаражаты түскені туралы смс-хабарламаны күтіңіз. Өтінім 7 жұмыс күніне дейін қаралады (2 күн – банк, 5 күн-БЖЗҚ).
- Осыдан кейін туыстықты растайтын құжаттарды жүктеңіз (неке, туу туралы куәлік және т. б.).
Құжаттарды тексеруге әдетте 2-3 күн жұмсалады, содан кейін «Құттықтаймыз, Сіздің өтінішіңіз өңделді және аяқталды» деген мәртебе пайда болады.
Қабылдаушы тарап қаражатты қалай алатыны:
- Жеке кабинетте туысқаныңыздың қаражатын қабылдаңыз, «келісім» пернесін басыңыз.
- ЭЦҚ арқылы келісімге қол қойыңыз. Кабинетке қайта кіріңіз, қаражаттың шотта тұрғанына көз жеткізіңіз. Жеке кабинетте, өтінім беру бетінің төменгі жағында көрсетілуі керек.
- Барлық соманы, соның ішінде туысқандарыңыздың да жинақтарын пайдалануға өтініш беріңіз.⠀
Егер сіз осы тізбекті сақтамай бір уақытта өтініш берген болсаңыз, платформада өтінімді жою мүмкіндігі пайда болуын күтуіңіз керек. Бұл операция алдағы 2 аптаның ішінде енгізілуі керек.
Көп оқылған
15.02.2026, 15:44
Астанада LRT маңындағы аялдама өртенді (ВИДЕО)
15.02.2026, 14:50
Ақмола облысында танысын қорқытып, оған несие алдырған адам ұсталды
15.02.2026, 12:43
Құтқарушылар химиялық күйік алған сәбиді аман алып қалды
15.02.2026, 07:30
Тротуарда түнгі «жарыс»: Петропавлда 2 жүргізуші сот шешімімен жазаланды
15.02.2026, 15:11
Балалар онкологиясымен күрес: еліміздегі емшаралардың нәтижесі қандай
15.02.2026, 17:42
16 ақпанға арналған ауа райы болжамы жарияланды