$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.02.2021, 11:37
Қоғам

Олимпиада чемпионы Қуат Хамитовке қатысты сот үкімімен келіспейді

Сот Қуат Хамитовке қатысты 6 айға бостандығын шектеу туралы жаза тағайындады

Олимпиада чемпионы Қуат Хамитовке қатысты сот үкімімен келіспейді
Коллаж: Нұрсұлтан Жорабаев

2004 жылы Афиныда өткен Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев танымал спортшы Қуат Хамитовқа қатысты Алмалы аудандық сотының үкіміне қатысты пікірін білдірді.

«Қуат бауырыммен хабарластым, мән-жайды білдім. Расымен де, 6 айға үй қамағына алынған екен. Ол спортшы болған соң, мұндай жағдайда менің үндемей қалуым мүмкін емес. Демократиялық, зайырлы мемлекет болғандықтан, әр адам, әр азамат өз ойын ашық жеткізе білуі керек. Егер елім деген ер азаматтардың бәрін қамай берсек, еліміздің болашағы не болады? Мен бұл шешім дұрыс емес деп есептеймін. Керісінше, осындай спортшыларды қолдап, елдің атын шығаруына атсалысудың орнына, қамап жатырмыз. Осы тұрғыда бір-ақ нәрсе айтқым келеді: осындай батырларымызды қолдауды мемлекет басшылығында отырған кісілерден сұраймын», - деді Бақтияр Артаев.

Сот Қуат Хамитовке 6 айға бостандығын шектеу туралы жаза тағайындады. Сот танымал спортшыны Қылмыстық кодекстің 272-бабы 3-бөлімі бойынша (билік өкіліне бағынбауға шақыру, жаппай құқықбұзушылыққа тарту, арандату, азаматтарға күш қолдануға шақыру) айыпты деп тапты.

Еске сала кетейік, 14 қыркүйекте қазақстандық танымал спортшы Қуат Хамитов зорлық-зомбылыққа шақырған видеосы үшін полицияға жеткізілді. Қуат Хамитовтың халықты билік өкілдерінің талабына мойынсынбауға шақырған видеосы желіде көп талқыланды. 

Серіктес жаңалықтары