$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.02.2021, 14:20
Қоғам

Астанада вакцинациядан кімдер бас тартты?

Бүгін ел бойынша ерікті вакцинациялау басталды 

Астанада вакцинациядан кімдер бас тартты?

Медицина қызметкерлерінің арасында вакцинациялаудан бас тартып жатқандар бар. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова мәлімдеді,деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Бірінші кезеңде ақпан айында бізде белгілі бір контингент егіледі. Бұл – медицина қызметкерлері. Медициналық ұйымдар деңгейінде тізімдер қалыптастырылады. Ерікті негізде. Яғни, бұл –вакцинацияны қалайтын медицина қызметкерлері. Олардың барлығы тәуекел аймағында екенін түсінеді. Олар күн сайын емханаларға шақырылады және егіледі... бас тарту жағдайлары бар», - деді Рүстемова.

Оның айтуынша, бас тартқандар арасында вакцина қабылдауға болмайтын жағдайлар бар. 

«Негізінен бас тартқандар – жүкті әйелдер. Олар белгісіз бір себептермен екпе қабылдауға болмайды деп санайды. Сондай-ақ, бұл белгілі бір аурулары бар медицина қызметкерлері. Бірақ наурыз-сәуір айларында екпе қабылдағысы келетін, уақытша бас тартқан жандар да бар», - деп түсіндірді басқарма басшысының орынбасары.

Ал басқарма басшысы Тимур Мұратов 1 наурызға дейін 6 300-ге жуық медициналық маманға екпе жасау жоспарланғанын хабарлады. 

Айта кетерлігі, Нұр-Сұлтан қаласы қазір «сары» аймақта. Соңғы 1 айда елордада COVID-19 таралуы 35 пайызға өсті.

Серіктес жаңалықтары