$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.02.2021, 14:00
Қоғам

Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қарсы вакцина салынуы тиіс 735 мың адам бар

Вакцинация елорданың № 2, 4, 6, 7, 9 қалалық емханаларында басталды

Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қарсы вакцина салынуы тиіс 735 мың адам бар
Фото: ашық дерек көздерден

Вакцинация 18-ден 64 жасқа дейінгі адамдарға салынады. Нұр-Сұлтан қаласында осы санатқа кіретін 735 мың адам бар. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

Вакцинация ерікті түрде және әр азаматқа тегін жасалады. 

«Тұрақты профилактикалық егулер және уақытша қарсы көрсетілімдері бар адамдарға КВИ-ға қарсы екпе салынбайды. КВИ-дың ауыр жағдайы және симптомсыз белгілері бар адамдар екпе алуға жатпайды. Жұқпалы ауру бар науқастың және оның ішінде КВИ-мен ауырған науқаспен байланыста болған адамдар карантин мерзімі аяқталғаннан кейін ғана вакцинация жасалатын болады. Екпе салу алдында КВИ-ға қарсы антиденелер бар-жоғын анықтау үшін скрининг жасалмайды. КВИ-дың кез келген формасымен ауырған пациент емделіп шыққаннан кейін денсаулық жағдайына сәйкес кемінде 6 айдан кейін екпе алғаны дұрыс болады», - деді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов. 

Вакцинация елорданың 2, 4, 6, 7, 9-қалалық емханаларында басталды.  

«Бірінші кезеңде, осы ақпан айында тәуекел тобына жататын медицина қызметкерлері (жұқпалы аурухана, жедел жәрдем қызметкерлері, алғашқы көмек көрсету ұйымдарының қызметкерлері) вакцинацияланатын болады. Одан әрі мұғалім, полиция қызметкерлері, Қорғаныс министрлігі, ІІМ, осылайша кезең кезеңмен қамтылатын болады», - деді басқарма басшысы.

Серіктес жаңалықтары