$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.11.2019, 12:06
Қоғам

Ақтаулық ауруханада сырқаттар дәліз еденінде жатып ем қабылдауға мәжбүр

Мұнайлы өлкедегі жан шошырлық жағдайды Алматы тұрғыны көпке жария етті

Ақтаулық ауруханада сырқаттар дәліз еденінде жатып ем қабылдауға мәжбүр

Баласы сырқаттанып, Ақтау қаласындағы инфекциялық ауруханаға түскен Алматы тұрғыны емдеу мекемесінің жағдайына шағымданды. Әйел медицина ұйымының жұмысы жаға ұстатқанын жеткізген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ақпарат агенттігі inAktau.kz-ке сілтеме жасап. Шағымданушы баласының дене қызуы 39 градусқа дейін көтерілгеніне қарамастан, дәрігер қабылдауын ұзақ күткендігін айтады. Педиатр сәбиді дәлізде қараған. Емдеу палатасының жағдайын көрген алматылық мейман тіпті шошып кеткен.

«Біріншіден, ешқандай тазалық жоқ. Терезе жанындағы қабырға көгеріп жатыр. Ас ішетін бөлмеде тамақты жылтуға арналған бәріне ортақ бір ғана ыдыс бар. Микротолқынды пеш атымен жоқ.  Жұқпалы аурулар ауруханасында гигиена талаптары қатаң сақталуы керек емес пе?», - дейді ол.

Емделушінің айтуынша ауруханаға келіп жатқандар өте көп. Орынның тапшылығынан кейбіреулері дәлізде жатып ем қабылдауға мәжбүр.

«Бізден кейін екі әйел түсті. Бірінің егіз қызы, екіншісінің ұлы бар. Дене қызуы 39 градусқа дейін көтеріліп тұрған сырқаттарға дәрігерлер ауруханада  орын жоқтығын айтты.  Олар дәлізде жатуға келісті. Аналардың біріне матрасты жерге салып берді, екіншісі орындықта отыр. Үш балаға ортақ екі кереует берілді. Палата салқын, ал дәліз тіпті суық. Балаларға қайта салқын тиіп қалмауы үшін жылы киіндіреміз. Аурухана суық болса, балаларды қалай емдеуге болатынын түсінбеймін? Балам жөтелмен келіп, суық дәрі ішкендіктен, ангинаға шалдықты. Медицина қызметкерлеріне өз міндеттерін уақытылы орындағаны үшін алғыс білдіргім келеді. Әкімдік пен жоғары жақтағылар қайда қарап отырғандығы таң қалдырады. Мемлекет бөлген ақша қайда кетіп жатыр?», - дейді алматылық әйел.

Эльмира Мәмбетқызы, Петропавл  

Серіктес жаңалықтары