ШұғылCOVID-19: Қазақстанда өткен тәулікте 800-ге жуық адамнан вирус анықталды

Вакцинация туралы жалған ақпарат таратқандар 3 жылға дейін сотталуы мүмкін - ДСМ

Отандық QazCovid-in вакцинасы 3000 еріктіге салынды

Ақпан айының басында елімізге ресейлік «Спутник V» вакцинасының 20 мың дозасы жеткізілімек. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов мәлімдеді.

Сонымен қатар, вице-министр отандық QazCovid-in вакцинасының нәтижесіне де тоқталып өтті.

«11 қаңтар күні 3000 еріктіге екпе салынды. Қазір зерттеуге қатысушыларға динамикалық бақылау жүргізілуде. Зерттеулер мен ақпаратқұпиялылығына байланысты нәтижесі зерттеу аяқталғаннан кейін ұсынылады», - деді Марат Шоранов.

Вице-министр екпе дозасының адам ағзасына қалай әсер ететініне тоқталды.

«Вакцинациядан қорғаныс әсері бірінші дозаны енгізгеннен кейін 12 күннен кейін біліне бастайды, бірақ толық қорғауды қамтамасыз ету үшін екі доза қажет, оны 19 күннен 23 күнге дейінгі аралықта енгізу ұсынылады. Вакцина организмнің иммундық реакциясын тудырады. Егер вирус қайтадан денеге енсе, онда иммундық жүйе дереу әрекет етіп, оны жояды, оның көбеюіне және аурудың тудыруына жол бермейді », - деді Марат Шоранов.

Министрліктің алдын ала зерттеуі бойынша отандық вакцинаның тиімділігі шамамен 92%-ды құрайды. Сондай-ақ, бұл вакцинациялау шарасын жүзеге асыруға атсалысатын дәрігерлер арнайы оқудан өткен екен.

«КВИ-ға қарсы вакцинация тактикасы және вакцинацияның қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ету бойынша 2 мыңнан астам медицина қызметкері оқытылды. Каскадтық оқыту жалғасуда және оны ақпа айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда», - деді вице-министр.

Марат Шоранов вакцинацияға қатысты жалған ақпарат таратқандардың қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын атап өтті.

«Қазірдің өзінде вакцинациядан кейінгі қолайсыз көріністер туралы жалған ақпарат тарап жатыр, сондықтан, жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік (3000 АЕК-тен 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру) көзделгенін еске салғым келеді», - деді ведомство басшысының бірінші орынбасары.

Әсел Оршыбекова, Нұр-Сұлтан