27.01.2021, 14:56
Қоғам
Зейнетақы жинағын алу үшін БЖЗҚ-ға 10 мыңнан астам өтінім түсті
БЖЗҚ 8,5 мың салымшының өтінішін тексеруден өткізді
25 қаңтарда уәкілетті оператор - «Отбасы банктен» Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жалпы көлемі 114,6 млрд теңгеден астам сомаға 10 292 өтінім келіп түсті. Бұл туралы БЖЗҚ баспасөз қызметі хабарлады.
8 460 өтінім (сомасы 49,2 млрд теңге) тексеруден сәтті өтті. Заңнамаға сәйкес БЖЗҚ-ға өтінім келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей, салымшылардың «Отбасы банктегі» арнайы шотына шамамен 49,2 млрд теңге аударылады. Аударымның орташа сомасы – 5,8 млн теңге.
БЖЗҚ заңнама талаптарына сәйкес келмегендіктен 1832 (18%) өтінімді қабылдамады:
- Сомалар қате, яғни шоттағы зейнетақы жинақтарының көлемінен асыра көрсетілген. Сондықтан өтінімдерді «Отбасы банк» ұсынымдарын басшылыққа ала отырып, мұқият толтыру керек.
- Жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу тәсілін таңдау кезінде алуға сұраныс жасалатын сомалар дұрыс көрсетілмеген.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды