ШұғылҚазақстанда тағы 658 адамнан коронавирус анықталды

Көкшетауда студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы квест бастады

«AntiParaCraft – 2021» деп аталған квест ақпан бойы өткізілмек

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде «AntiParaCraft – 2021» студенттік жемқорлыққа қарсы квест басталды. Университет басшылығының айтуынша шара студенттер мен оқытушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған төзбеушілікті насихаттауға бағытталған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Aikyn.kz басылымына сілтеме жасай отырып.

Квест ойыны түрінде ұйымдастырылған шараның қорытындысын университет этикалық нормаларды сақтаудың жаңа әдісі ретінде қолданбақ.

«Квесттер – бұл жастардың назарын сыбайлас жемқорлық проблемасына аударуға көмектеседі. Студенттер алдын ала дайындалған пранк-арандатуларды болжап, QR кодтарының көмегімен криминалистикалық, зияткерлік және шығармашылық міндеттерді шешетін болады, сондай-ақ бейнетаспалар жасайды. Іс-шара жастарға сыбайлас жемқорлық туралы қарапайым және қызықты түрде айтуға көмектеседі», – дейді шараны ұйымдастырушылар.

«AntiParaCraft – 2021» деп аталған квест ақпан бойы өткізілмек.

Квест финалында, яғни 27 ақпанда «Адалдық капитандары турнирі» шарасын ұйымдастыру жоспарланыпты.

«Онда факультет командалары этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша зияткерлік жарыстарға қатысады, сонымен қатар өздерінің тапқырлығы мен креативтілігін көрсетеді», - деп толықтырды шараны ұйымдастырушылар.

Шараға қатысқан Шоқан Уәлиханов атындағы университет ректоры сыбайлас жемқорлықтың қоғамда аса өзекті мәселе екенін айта келіп, квест қатысушыларына сәттілік тіледі.

Аталмыш университеттегі Жастар саясаты департаменті Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен бірлесе отырып «AntiParaCraft» квест-ойынын өткізбек.

Бұл іс-шара оқу орнынында тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Осыған орай, әр факультет өз командаларын жасақтап, сайысқа түспекші. Аталмыш шараның мақсаты осындай ойын арқылы жастардың бойында құндылық бағдарларын дарыту, оларды адалдыққа, парасаттылыққа тәрбиелеу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы дағдыларды қалыптастырып, азаматтық ұстанымдарын шыңдау болып табылады.

«Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі кез келген мемлекет үшін өзекті проблемалардың бірі болғандықтан біз, яғни жастар қауымы да белсенділік танытып, осы салаға өз үлестерін қосса деген ойдамын. Бүгінгі шараға қатысушы барлық командаларға сәттілік тілеймін! Баршаңызды адал әрі таза болуға, жемқорлық көріністеріне жол бермеуге шақырамын», – деді Марат Сырлыбаев.

Квесттің жалпы қорытындысы бойынша Сараптамалық қазылар алқасы Факультеттің үздік командасын анықтайды, ол өтпелі жүлде – адалдық кубогымен марапатталмақ.