Коронавирус вакцинасы туралы бірыңғай сертификат енгізіледі - Еурокеңес
Израиль билігі 31 қаңтарға дейін барлық әуе қатынасын тоқтатты
Еуропалық кеңестің басшысы Шарль Мишель COVID-19 вакцинациясы туралы бірыңғай сертификат енгізілетін хабарлады. Алдымен бұл тек медициналық құжат болады.
«Келесі кезеңдерде бұл сертификатты өзге де мақсатта қолдану мүмкіндігін қарастырамыз», - деп толықтырды Еуропалық кеңес басшысы.
Франция үкіметі жанындағы COVID-19 ғылыми кеңесінің жетекшісі, иммунолог Жан-Франсуа Дельфресси қолда бар коронавирусқа қарсы вакциналар Оңтүстік Африкада табылған вирустың жаңа мутациясына қарсы тиімділігі төмен деп санайды. Сарапшының пікірінше, вирустың жаңа штамының Францияға енуі бүкіл елде жаңа локдаун енгізілуіне себеп болады.
Израиль билігі 31 қаңтарға дейін барлық әуе қатынасын тоқтатты. Тель-Авивтегі Бен Гурион халықаралық әуежайы бір аптаға жабылды. Билік бұл шара SARS-CoV-2 вирусының жаңа штамының елде тарауына жол бермейді деп үміттенеді.
Швеция, Норвегияда коронавирустың «британдық штамының» таралуына байланысты арадағы шекараны жауып тастады. Швецияның ішкі істер министрі Микаэль Дамбергтің айтуынша, бұл шешім кемі 14 ақпанға дейін күшінде болады.
Ұлыбританияда соңғы тәулікте 491 970 адам (рекорд) коронавирусқа қарсы екпе алды. Мемлекетте екпе алған адамдардың жалпы саны 6,3 миллионнан асты. Өткен аптада 251 мыңнан астам адам
Берлиндегі Гумбольдт клиникасында коронавирустың «британдық штамы» анықталған 20 адамға байланысты 1 500-ге жуық дәрігер, медбикелер және басқа да медициналық және әкімшілік қызметкерлер карантинге жіберілді. Сондай-ақ клиниканың 400-ге жуық пациенті оқшауланған.