$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.01.2021, 14:55
Қоғам

Дубайдан келген 4 жолаушыдан коронавирус анықталды

Олардың бәрі Алматы әуежайына ПТР-анықтамасыз ұшып келген

Дубайдан келген 4 жолаушыдан коронавирус анықталды
Фото: zakon.kz

24 қаңтарда Қазақстан аумағына Германия, Латвия, Мальдив, БАӘ, Мысыр, Түркия, Украина, Ресей және Қырғызстан елдерінен 17 халықаралық әуе рейсімен 2 581 жолаушы (қазақстандық – ред.) келді. Олардың ішінде 1 886 жолаушыда теріс нәтижесі көрсетілген ПТР-анықтама болса, қалған 695-інде тиісті анықтама болмаған.  

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан әуежайына – 9 рейс (1 109 жолаушы, анықтамамен - 748; анықтамасыз – 361);

Алматы әуежайына – 6 рейс (1 472 жолаушы, анықтамамен - 1 138, анықтамасыз – 334).

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР-тестілеуден өтіп, карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.

Сондай-ақ 23 қаңтарда анықтамасыз келген 345 ҚР азаматтарының төртеуінен коронавирус анықталды. Олардың барлығы Дубай қаласынан Алматы әуежайына ұшып келген.  

Серіктес жаңалықтары