Зейнетақы жинағынан ақша алу туралы өтінім қанша күн қаралады?
Бірыңғай платформа әзірге тек Қазақстан жерінде тіркелген ІР-адрестерге қызмет көрсетеді
«Отбасы банк» басшысы Ләззат Ибрагимова зейнетақы жинағын алу үшін берілген өтінім қанша күн қаралатынын айтты.
«23 қаңтар сағат 9.00-9.30-да өтінім берген алғашқы адамды білеміз деген үміттеміз. БЖЗҚ өтінімді екі күн қарайды, содан кейін бес жұмыс күні ішінде оған арнайы шотқа ақша түседі. Осы бағдарламаның нәтижесі ретінде ақпанның алғашқы аптасында, есепшотына ақша түскен адамдар келісім берсе, олардың есімін атай аламыз», - деді қаржы институтының басшысы.
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу үшін өтініш беретін бірыңғай палтформа - enpf-otbasy.kz сайты 23 қаңтар сағат 09:00-ден бастап жұмыс істейді. Ақпараттық қауіпсіздік мақсатында әзірге порталға Қазақстаннан тыс елден кіруге шектеу болады. Алдымен Қазақстан жерінде тіркелген ІР-адрестерге қызмет көрсетіледі.