$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.01.2021, 01:51
Қоғам

Түркістан облысында 4 мыңнан астам жас сарбаз әскерге аттанды

2020 жылдың күзгі науқанында жоғары білімі бар 180-ге жуық азамат әскер қатарына алынған

 
Түркістан облысында 4 мыңнан астам жас сарбаз әскерге аттанды

2020 жылдың желтоқсан айының соңында Түркістан облысының жергілікті әскери басқару органдарында әскерге шақыру науқаны аяқталды. Науқан барысында Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға аймақтан 4 мыңнан астам адам жіберілді. Осыған байланысты қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы полковник Нұрмаханбет Дүйсебаев жыл қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Онда өткен жылы әскери шақыру жоспарының жүз пайыз орындалып, сондай-ақ шақырылушылар мен әскери қызметшілердің коронавирустық инфекцияны жаппай жұқтыруын болдырмауға мүмкіндік беретін санитарлық-эпидемиологиялық шаралардың өз уақытылы жүргізгені айтылды.

Сонымен қатар, жоғары білімді әскерге шақырылушылар мен облыста жұмыс істейтін әскери-патриоттық клубтардың қабырғасында оқу мен шыңдаудан өткендердің саны артқан. Атап айтқанда, тек 2020 жылдың күзгі науқанында жоғары білімі бар 180-ге жуық азамат әскер қатарына алынған.

Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, 2021 жылы шақыруды сапалы ұйымдастыру жөнінде нұсқаулар берді. Қызметтегі жоғары көрсеткіштері үшін үздік басқармалар мен бөлімдер, жекелеген әскери қызметшілер мен қызметшілер грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Серіктес жаңалықтары