$ 516.01  582.47  6.26
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.01.2021, 15:20
Қоғам

Атырауда мемлекеттік бағдарлама арқылы салынған жаңа үйден ақау шықты

Пәтердің барлығы мемлекеттік бағдарлама арқылы несиеге берілген

Атырауда мемлекеттік бағдарлама арқылы салынған жаңа үйден ақау шықты
фото: azh.kz

Өткен жылы «Нұрлы Жер» мен «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы Береке ықшамауданынан пәтер алған №33 үйдің тұрғындары шу шығарды. Себебі, тұрғын үйдегі пәтерлер кәріз суына былғанған. Осыған байланысты қала әкімдігінен мамандар шақырылып, сол үйдің ауласында шағын жиын өтті, деп хабарлайды azh.kz.

№33 үйдегі пәтердің барлығы да мемлекеттік бағдарлама арқылы 16 жылға несиеге алынған. Тұрғындар басында бәрі жақсы болғанмен, артынан жаңадан салынған үйлердің кәріз жүйесінде ақау шыға бастағанын айтты.

«Кәріз жүйесі дұрыс жұмыс жасамайды. Әжетхана мен жуынатын бөлмеден лас су шығып жатыр. Қандай иіс шығатынын айтпасақ-та түсінікті болар. Қала әкімдігіне де бірнеше рет шағымданып едік, одан нәтиже жоқ. Ешкім біздің жағдайымызды түсінгісі келмейді», - дейді №33 үйдің тұрғыны Әсел Ысқақова.

Үйдің жертөлесі мен бірінші қабаттағы кейбір пәтерлерді су басып кеткен. Олар лас судың қайдан ағып жатқанын түсінбей дал. Жиналған тұрғындарға келген Атырау қаласы құрылыс бөлімінің маманы бұл мәселені бірінші рет естіп тұрғанын айтып, шара қолдануға уәде етті. Тұрғындар мәселе шешімін таппаса, әкімге өзіміз барамыз деп тарасты. 

Серіктес жаңалықтары