ШұғылЕлімізде өткен тәулікте 855 адамнан коронавирус анықталды

Дубай және Шарм-эль-Шейх қалаларынан келген екі жолаушыдан коронавирус анықталды

Екі жолаушы да Нұр-Сұлтан әуежайына ПТР-анықтамасыз келген

көрнекі фото

14 қаңтарда Қазақстан аумағына Нидерланды, Мальдив, БАӘ, Египет, Түркия, Ресей және Өзбекстан елдерінен 13 халықаралық әуе рейсімен 2053 қазақстандық келді. Олардың ішінде 1773 жолаушыда теріс нәтижесі бар ПТР-анықтама болса, қалған 280 азамат тиісті анықтамасыз келген. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан әуежайына – 6 рейс (750 жолаушы, анықтамамен – 644, анықтамасыз – 106);

Алматы әуежайына – 5 рейс (1 095 жолаушы, анықтамамен - 948, анықтамасыз – 147);

Атырау әуежайына – 2 рейс (208 жолаушы, анықтамамен - 181, анықтамасыз – 27).

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР-тестілеуден өтіп, карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.

Айта кетейік, 13 қаңтарда Қазақстанға ПТР-анықтамасыз келген 94 жолаушының екеуінен коронавирус анықталды. Жолаушылардың бірі Дубай қаласынан, тағы бірі Шарм-эль-Шейх қаласынан Нұр-Сұлтан әуежайына келген.